Мектеп асханасын тексеру актісі
26.04.2024
Тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау жөніндегі бракераж комиссиясы құрамында:
1.Комиссия төрайымы Абишева С. М.
2. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Курманова Г.М.
3. Әлеуметтік педагог Кеженова А. Т.
4. Тамақтану бойынша менеджері Куменцова А .А .
5.Ата-аналар комитеті Тен Д.Ш.
Тексеру мақсаты:
1.Оқушылардың тамақтануының ұйымдастырылуы.
2. Мектеп асханасының жұмысы, санитарлық жағдайы.
Тексеру барысында:
Асханада оқушыларды тамақтандыру кесте бойынша жүзеге асырылатыны анықталды. Оқушылардың негізгі бөлігі екінші және үшінші сабақтардан кейін үзіліс кезінде тамақтанады. Бұл үзілістердің ұзақтығы-15 минут. Бастауыш және орта сыныптар асханаға мұғаліммен бірге келеді. Тамақпен қамтудың жалпы пайызы-100%.
"Жалпы оқыту" қорынан 6 оқушы және 1 сынып оқушылары жергілікті бюджет қорынан тегін тамақтанады.
2-11 сынып оқушыларын « Имран-Агро» ЖШС демеушілік қаражат есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Комиссия мүшелері үлес/порция/ балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетінін, тағамдардың жоғары дәмдік сапасын атап өтті.
Тамақтану залында әрбір сынып үшін жеке үстелдер жасалады, балаларға отыратын орындар жеткілікті. Арнайы киіммен қызметкерлер қамтамасыз етілген. Күнделікті бракераж журналы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді. Өнімдерді сақтау Нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Технологиялық жабдық пен жинау мүкәммалы таңбаланған. Қызметкерлер жуу құралдарымен қамтамасыз етілген. Асхана ыңғайлы және таза. Тамақтану залы санитариялық нормаларға сай.
Ұсынымдар: Сынып сағаттарында бастауыш сынып оқушыларымен ыстық тамақ ішудің қажеттілігі мен пайдалылығы туралы әңгімелер өткізу.
Комиссия құрамы: Абишева С.М.
Кеженова А.Т.
Курманова Г.М.
Кузменцова А.А
Тен Д.Ш.