06.02.2026
Бүгін мектептің педагогикалық ұжымымен «Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің саяси-құқықтық дамуының келесі кезеңін айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Бұл жоба қолданыстағы нормаларды жаңартумен ғана шектелмей, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыруға бағытталған.
Жиында мемлекеттік басқару жүйесінде «адам – билік үшін емес, билік – адам үшін» қағидатын орнықтыру көзделетіні ерекше атап өтілді. Ұсынылып отырған Конституция жобасы – уақыт талабына сай, мазмұны терең әрі жүйелі құжат. Оның табысты жүзеге асуы тек қабылдануымен емес, конституциялық нормалардың нақты өмірде тиімді орындалуымен өлшенеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – жай ғана құқықтық құжат емес, ол мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің және демократияның басты символы. Аталған талаптар толық сақталған жағдайда, жаңа Конституция Қазақстанның орнықты дамуы мен әділетті қоғам құру жолындағы берік негізге айналады.
Сонымен қатар Конституция барлық азаматтардың тұрақтылығын, өркендеуін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мақсаттарға қол жеткізудің негізгі кепілі болып табылады