«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ишимское орта мектебі бойынша Үкіметтік емес секторды тарту арқылы рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша өткізілген іс-шараның мәліметі.

29.01.2019

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға , қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында 9-10сынып оқушылары арасында «Адамгершілік-асыл қасиет» айдары аясында ашық пікір айту сабағы ,кездесу  түрінде ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шарамыз Абайдың нақыл сөзінен басталды. «Адамның адамшылығы-ақыл,ғылым,жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады».

Шара  барысында оқушылар өз ойларын ашық жеткізе білді. Олар мынандай сұрақтарды өз ара талқыға салып, жауап беруге тырысты.

Адамгершілік бастауы неде, қалай ойлайсыңдар?

Адамға ақыл беретін кімдер?

Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?
«Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?
 Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
 Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?
Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Оқушыларға «Отбасы» және «Өзіңнен баста!» атты бейнеклиптер ұсынылды. Осы бейнеклип бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салды.

Осы шараға ауыл әкімі және бастауыш Нұр Отан партиясының төрағасы Искаков А.М. кездесуге шақырылды. Ол кісі Жалпы рухани-адамгершілік деген сіз үшін не? Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады? Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?осындай сұрақтарға жауап беріп, оқушылармен пікірталас өткізді. Искаков А.М. өзінін өмір жолы турлы айтып, рухани-адамгершілік туралы тақырыпқа жақын өз басынан өткізген оқиғаларды айтып, оқушыларды қызықтырды.

Жалпы Үкіметтік емес секторды тарту арқылы,рухани-адамгершілік  тәрбиесі бойынша  өткізілген  іс-шарамыз жүзеге асты.

 

  Мектеп директоры:              С.М. Абишева

 Жауапты орындаушы:         Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:

 Ташет Н.Б.



 

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст