«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ишимское орта мектебінде оқушылар арасындағы өткен «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали оқулары туралы ақпарат

20.02.2019

Ишимское орта мектебінде оқушылар арасындағы өткен «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали оқулары туралы ақпарат

 

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Адырбаев Г.А. және Казалиева З.А. ұйымдастыруымен 2019 жылы 15 ақпан күні мектеп акт залында 5-10 сынып оқушылары арасында  «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали оқулары өтті.

Мақсаты мен міндеті: Мектеп оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау; Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау; Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту; Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Мұқағали оқуларының шарттары:

  1. «Менің пірім – Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.
  2. «Жауқазын  жыр жанымды жүр мазалап...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды.Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне назар аударылады.
  3. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер аққынның поэмаларын жатқа оқиды.
  4. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» - сұрақ-жауап  ойыны. Бір минутта он сұрақтың қаншасына жауап береді, оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі.

Жоғарыда аталған сайыстарға мектебімізден жеті оқушы ат салысып, қатысты:

Төлеубай Ақерке, Төлеубай Жанерке, Қабдусәлем Іңкәр, Серікпай Жанель, Қазалы Айгүлім, Құмар Алтын, Асан Индира.

Сайысқа оқушылар жоғары дәрежеде дайындалып, өздерінің поэзияға деген құштарлығы мен ынталарын көрсете білді. Әр оқушы ақынға арналған өз туындыларын паш етіп, ақынға деген ризашылықтарын көрермендерге ерекше сезіммен жеткізе білді. Қатысушылар берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, білімдерін шындады. Қатысушылардың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасы тағайындалды: мектебіміздің директоры Абишева С.М, ауыл округінің  бас маманы Боранбаева Д.С, тәрбие ісінің меңгерушісі Ташет Н.Б және қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Мухангалиева К.Д. Сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 1 – ші орынды иеленген 10 «а» сынып оқушысы Асан Индира. 2 – ші орын иесі 7 «А» сынып оқушысы Қазалы Айгүлім. 3 – ші орынды 6 «А» сынып оқушысы Серікпай Жанель иеленді. Сонымен қатар сайыс ақынға арналған әдемі әдеби кешпен әрі қарай өз жалғасын тапты. Кеште Әлібек пен Айдананың орындауында «Махаббат диалогы», «Күншуақ» би ансамблінің «Аққулар» биі, Надежда «Саржайлау» әнін орындаса, Ұлжан мен Сабина «Нұр жауып тұрған көктемде» әнін ұсынды. Кешті ұйымдастырушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты бейнероликтер көрсетті.

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст