«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ишимское орта мектебінің 25 мамыр «Қош бол, мектебім!» атты Соңғы қоңырау мерекесіне байланысты өткізілген іс-шаралар есебі. 25 мамыр 2019оқу жылы.

05.06.2019

Жыл сайын дәстүр бойынша 25 мамыр күні сағат 11.00де  мектебіміздің алаңында, мектеп бітіруші шәкірттерімізге арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынымыз мемлекеттік ән-ұранымен басталды.

2019 жылдың жас түлектері қошеметпен ортаға шақырылды. Күлдей жайнаған, сұлу да , рухы биік, жүректері лүпілдеген, еліміздің патриоттары, мектебіміздің 18 жас түлегі көрермен қошеметіне бөленіп, мектеп табалдырығын соңғы рет аттады. 

Әрине, осындай қимас сәтте көзіне жас алып мектеп директоры

Абишева С.М. жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.  Мектеп басшысы , өз сөзінде жалпы мектебіміздің жетістіктері туралы  мәлімет бере отырып, 11 сынып түлектерінің белсенді оқушыларына , жақсы оқығаны үшін және мектепішілік іс-шараларға белсене араласқаны үшін мақтау қағазымен марапаттады.

 Сондай-ақ мектеп іс-шараларына  өз көмектерін көрсетіп,үлес қосқан ата-аналардың аты жөнін атап алғыс жариялады.

Ауыл әкімі Искаков А.М.сөз берілді. Ол кісі өз сөзінде, жас түлектерге  алдағы емтихандардан, ҰБТ дан сүрінбей өтіп, жақсы мамандық иегерлері болуына, жаңа өмір жолындағы қиындықтарға төзімді болып, адал еңбек етулеріне,елінің мақтанышы болуларына үлкен сенімін білдірді.

1 сынып оқушылары да ағалары мен апаларына өз қолдарымен  дайындаған сыйлықтарын табыс етіп, төрт шумақ өлендерін оқып, қуттықтау тілектерін жолдады.

Жақсы ауданынан келген қонақтарымыз білім беру бөлімінің әдіскері Тұрысбек Сүндет Әсімбекұлы және ЖКХ бөлімінің жетекшісі Хаусылов Думан  Мауғызович түлектерге шын жүректен жақсы тілектер айтып, өмірдегі қиындықтарды жеңе білуге, аңсаған армандарына жетуге ықылас білдірді.

Осыдан 20 жыл бұрын , тарыдай болып кіріп,мектеп табалдырығын аттаған 1999жылы мектепті аяқтаған түлектерде құттықтау сөздерін сөйлеп, мектепке сыйлықтарын табыс етіп, мұғалімдерге раушан күлдерін табыс етті.

Әрине,  жүректері лүпілдеп,он бір жыл бойы өздерінің балапандарының қуанышын күткен ата-аналарымыз да сөз кезегінде ұстаздарымызға үлкен алғыстарын жеткізді,түлектерге болашақ өмірде сәтілік тілеп, оларға арнап тілектерін айтты.

Бұл салтанатты жиын есте қаларлықтай өтті.Ең ақырғы сөз жас түлектерге берілді.Мектеп бітіруші түлектер он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына арнап, өлең жырларын  жолдап, әсем әндерін айтып, гүл шоқтарын табыс етіп, өз ризашылықтарын айтып өтті. Барлық көрермендерге түлектеріміздің қоштасу вальсы үлкен әсер қалдырды. Ең соңында,әр жас түлек тілектерін айтып, аспанға көгершін ұшырды.

Жиынымыздың соңғы түйіні  дәстүрлі соңғы қоңырауды соғу рәсімімен аяқтады. Келген қонақтар және ұстаздар ұжымы жас түлектерді қол соғып, қошемет көрсетіп жаңа өмір жолына шығарып салды.

                                                 

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст