«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ишимское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»,

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

26.05.2022

Биылғы оқу жылында дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты рәсім сағат 10 .00 де мектеп алаңында мемлекеттік ән ұранымен басталды. Ду қол шапалақпен  жиналған қауым, ұстаздар, ата-аналар өмір жолына атанғалы отырған 12  жас түлектерімізді ортаға шақырды.

Салтанатты жиында жүргізушілеріміз барша қауымды мерекемен құттықтап,келген қонақтарымызбен таныстырды.

 Білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Ғалия Қайыржановнаға, Ешім ауылдық округінің бас маманы Ибикенова Қаламқас Манатовнаға құттықтау сөзі берілді.  Мектеп  директоры Абишева Сауле Мукановна   жас түлектерге  сәттілік, ақ жол тілеп, мектебіміздің жетістіктерін , оқушыларымыздың жетістіктерін  атап өтті.Жас түлектерімізге жақсы оқығаны үшін және мектепішілік іс-шараларға белсене араласқаны үшін мақтау қағаздарын табыс етті.

 Ата – аналары жас түлектерімізге ақ батасын арнады.

Бастауыш сынып бүлдіршіндері де  босқа қарап түрған жоқ, олар да өздерінің аға әпкелеріне өлең арқылы жылы лебіздерін арнады.

Ең ақырғы сөз жас түлектерге берілді.Түлектеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына арнап, өлең жырларын жолдап,алғыс хаттарын,табыс етті. Есте қалатын сәт: олар,  қоштасу вальсін ерекше орындап, көзге жас ұялатты.

Жиынымыздың соңғы түйіні 11 сынып оқушылары мен 1 сынып бүлдіршіндері соңғы  қоңырау рәсімін сыңғырлаған қоңырау үнімен  аяқтады.

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст